Аюқұлақ жапырақтары
Жоқ
Фито-шай 1,5
1 сүзгіш-пакеттің ішінде
белсенді зат – 1,5 г кәдімгі аюқұлақ жапырақтары
Саңылау диаметрі 1 мм елек арқылы өтетін түсі ақшыл жасылдан күңгірт жасылға дейінгі әр түрлі пішінді жапырақ қиықтары. Иісі әлсіз. Дәмі ащылау.
Фармакотерапевтиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды G04BX
Аюқұлақ жапырақтарының фармакологиялық қасиеттері негізінен оның компоненттері құрамына кіретін – арбутин, гидрохинон, иіткіш заттармен анықталады. Аюқұлақ жапырақтарын қуықтың және несеп жолдарының қабыну аурулары (пиелит, цистит, уретрит) кезінде зарарсыздандырушы, қабынуға қарсы және несеп айдайтын дәрі ретінде қолданады.
Қуық және несеп шығару жолдары ауруларының (пиелит, цистит, простатит, уретрит, несептас ауруы) кешенді емі құрамында
1 сүзгіш-пакетті 100-150 мл қайнаған су құйып, 10-15 минут тұндырып қояды, қалдығын сығып, қайнатындының көлемін 200 мл дейін жеткізеді және 1 шай қасықтан күніне 3-5 рет қабылдайды. Емдеу курсы 2 – 3 апта.
Болуы мүмкін
- аллергиялық реакциялар
- жүрек айнуы, диарея, құсу
- ұзақ қолданғанда – бүйректің қабыну ауруларының өршуі
- аюқұлақ жапырақтарына жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Анықталмаған
Дайындалған қайнатындыны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек.
Қолданар алдында шайқау қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
1,5 г бір реттік қолдануға арналған сүзгіш пакетте. 20 сүзгіш-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған фирмалық қорапқа салынған. Нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі. Қораптар полиэтилен үлбірмен жабындалып, қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы,
Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би даңғылы, 3
Тел/ факс 7262 45-63-12: E-mail: taraz@ecopharm.kz
«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қ.,18 ы/а, 54/12
Тел/ факс: (7252) 55-60-82; 55-60-89.
E-mail: office@ecopharm.kz